Шу ауданы Сауытбек ауылы "Асайын әлпе" мешітінде "Базарбаевтар әулетінің" демеушілігімен ауызашар берілді. Жиын барысында 2 тақырыпта көркем уағыз айтылды. Сонымен қатар жиында Рамазан айы басталғалы тарауық намазынан қалмай келіп жүрген іні-бауырлар марапатталды.
Мешітке көмек қолын созып, рамазанда кезектесіп азан шақырып жүрген азаматтарға, имамдарға марапаттар мен сыйлықтар табысталды. 1 ай бұрын ауылға арнайы келіп, 10 күн ішінде Сауытбек ауылында хатым түсірген қариға құрмет көрсетіліп, ата-баба рухына құран сауаптары бағышталды.
Шу ауданында "Тоғай", "Амангелді" сынды мешіттерде де ауызашарлар ұйымдастырылып, дастархан басында тартымды уағыз, ғибратқа толы насихат айтылуа.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі