Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Жат діни ағымдардан сақтандыру бағыты бойынша жауапты мамандарға арналған семинар ұйымдастырылды.
Маңызды жиынды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ашты. Шараға аудан, қала имамдары, ДДА-ға мүше 10 маман қатысты. Жат ағымдармен жұмыс жүргізуге жауапты маман Әлімұхаммед Егізбаев жұмыс жоспарын және оның жүргізілу барысын ортаға салып, имамдар бірге талқылау жүргізді.
Түзету мекемесінен бөлек, еркіндікте жүрген жат ағым ұстанушылармен жұмыс жасау, оны жүргізудің әдіс-тәсілдері сөз болды.
Облыс бас имам өз сөзінде қалаға көп мән беру керектігін, оның ішінде жастардың дін ұстанудағы сенім мәселесіне басымдық беру керектігін жеткізді. Әрі жат ағым топтарының көшбасшыларымен жұмыс жүргізу қажеттілігін тілге тиек етті.
Көпшілік іс барысында орын алған дүниелермен, тәжірибелерімен бөлісті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі