Шу ауданы "Асайын Кәлпе" мешітінде тарауық намазында Құран хатымы түсіріліп жатқан болатын. Бүгінде хатым толық оқылып аяқталып, көпшілікпен дұғасы жасалды.
Мешіт имамы Шаттық Қамаубаев тарауықта көркем дауысымен жамағатқа құран оқып, аз қана күндерде толық хатым етіп шыққан қариға шапан жапты. Сонымен қатар қариға 1 жылқының құны табысталып, алғыс айтылды.
Рамазан айында Құранмен сусындатып, жүректерді елжіреткен Хасан Махманабиев қариға ақсақалдар мен жамағат риза болып, батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі