#Шу: Әйелдер жамағаты Рамазанда хатым түсіруде

#Шу: Әйелдер жамағаты Рамазанда хатым түсіруде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан - Құран түскен ай. Сондықтан да бұл ай да Құран ерекше көп оқылып, хатымдар жасалады. Осы мақсатта Шу аудандық "Жәми" мешітінің әйелдер жамағаты Құран хатымын бастаған болатын.

Аудандық мешіттің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы бастап, шәкірттерімен 9 күнінде алғашқы Кұран Хатымын түсірді. Қасиетті жұма күніне тап келген хатым дұғасында көпшілік еліміз үшін, отбасылары үшін Алладан жарылқау тіледі. 

"Хатым дұғасы жасалған жерге қатысқан адам, олжа таратылып жатқан жерге қатысқан сияқты болады. Хатым етуді бастаған жерде болған адам жиһад етуші сияқты. Екеуіне де қатысқан адам екі сауапқа да қауышады және шайтанды масқаралаған болады" - дейді Хазинәт-ул-Әсрар.  

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: