#Меркі ауданы: Ауызашар әр күн сайын

#Меркі ауданы: Ауызашар әр күн сайын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты «Меркі ата» орталық мешіті және «Жүніс молда», «Жақсымбет» т.б. мешіттерде ауызашар тұрақты түрде беріліп келеді.

Ауызашар беру сапты іс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деген.

Бүгінде Рамазан айының алғашқы 10 күнінде 20 ауызашар ұйымдастырылып, оған 2000 мыңға жуық адам қатысты.

Сонымен қатар аудан имам молдалары жиналған жамағатты тиімді пайдаланып, «Ислам және ізгі қоғам», «Ихсан», «Көркем әдеп» тақырыптары бойынша уағыз-насихат жүргізіп келеді.

Рамазан айының қалған күндерінде де бұл игі іс-шаралар өз жалғасын таппақ.

Демеушілік жасап, ауызашар беріп жатқан бауырларымыздың ниеттері қабыл болсын, Алла разы болсын, кәсіптеріне, отбастарына береке берсін.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: