#Меркі ауданы: Мешіттерде абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

#Меркі ауданы: Мешіттерде абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты мешіттердің ауласына көктем шығысымен сенбілік және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтсақ, Т.Рысқұлов ауылы «Жарас» мешіті және Тәтті ауылдық мешіттерінің ауласына 100 түп жеміс ағаштары мен гүл шоқтары отырғызылды.

Аудандық «Меркі ата» мешітінің ауласына тыңайтқыштар стөселіп, абаттандыру жұмысына дайындық жүріп жатыр.

Қалған ауылдық мешіттеріміздің іші-сырты тазаланып, сенбілік жұмыстары жасалды.

Мешіт ауласын көркейтуге атсалысқан барша азаматтарымызға алғыс білдіреміз!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: