#Меркі ауданы: Рамазан айында зекет таратылды

#Меркі ауданы: Рамазан айында зекет таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала:  «Және намазды (дұрыс болу шарттарына сай етіп) оқыңдар, әрі (толық) зекет беріңдер», - деп бұйырған («Бақара» сүресі, 43-аят).

Осы орайда, сауаптар еселенетін Рамазан айында Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы бойынша қаржылай зекет таратылды!

Алла ісіне береке беріп, нығметіне бөленген кәсіпкер бауырымыз ауылдағы жетім-жесір, көп балалы жанұяларға, сондай-ақ, басқа да мұқтаж жандарға зекетін ақшалай табыстады. Көмек 20 отбасыға үлестірілді.

Көмек алған отбасылар өз ризашылықтарын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: