#Меркі ауданы: Қасиетті айда РАНТ мүшесі уағыз айтты

#Меркі ауданы: Қасиетті айда РАНТ мүшесі уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде Мысырдағы "әл-Әзһар" университетінің түлегі, Республикалық ақпарат-насихат тобының мүшесі, Жамбыл облысының  найб имамы Нұралы Бақытұлы арнайы келіп, жамағатқа «Оразаның әдебі» жайында кеңінен уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Аталған тақырыптағы уағызды тыңдау үшін алыс-жақын мешіттердегі имамдар мен олардың жамағаттары да қатысты.

Сонымен қатар, жамағатқа «Рамазан айы және әйелдерге тән мәселелер» атты кітап таратылып, сұрақ-жауап ұйымдастырылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табысталды.

Уағыз соңында жиналған жамағат өз ризашылықтарын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: