Жамбыл имамдары Рамазанға дайындықты пысықтады

Жамбыл имамдары Рамазанға дайындықты пысықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін исі мұсылман асыға күткен қасиетті Рамазан айына дайындықты пысықтау мақсатында Жамбыл өлкесінің имамдары бас қосты. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының басшылығымен шараға қала, аудандардың бас имамдары, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің имамдары мен қызметкерлері қатысты. 

Жиында Рамазан айында жасалатын рухани іс-шаралар, ауызашарларды ұйымдастыру мәселесі, тарауих намазында Құран  хатымын түсіру, хатым оқылатын мешіттерді бекіту, садақа жәшігінің қауіпсіздігі, мешіттердің тазалығы талқыланды. 

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан келген тапсырмалар жүктеліп, қала, аудандарға және облыстық мешіттің қызметкерлеріне нақты іс-шаралар тапсырылды. 

Рамазанда өткізілетін қайырымдылық іс-шаралары, қадір кешін ұйымдастыру, әлеуметтік желіде насихат жұмыстарын жүргізу, қоғамның арнайы топтарына ауызашар ұйымдастыру сынды 56 қадам тізбектелді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

<img

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: