Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев өңірдегі №36 Спорт мектебінің ұжымымен яғни жаттықтырушыларымен, қызметкерлерімен дидарласты.
Бас имам діни экстремизмнің алдын ал мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көпшіліктің көкейкесті сұрақтарына жауап берді.
Түрлі теріс ағымдардың қате ақпарат беріп, адамдарды адастырып жатқан кезеңінде мұндай насихат жұмыстары аса қажет. Өйткені халықтың діни сауаты артқан сайын теріс бағытқа бет бұрушылық қысқармақ. Мәселен, бұл уақытқа дейін қазақ тарихында жат ағым түсінігі болмаған. Қазақ баласын алдымен медреседен сауат аштырып, кейін мектеп оқуына беретін болған.
Діни сауаттылық - кемел болашақтың кепілі.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі