#Шу: Мемлекетіміздегі теріс діни ағымдардың зияны түсіндірілді

#Шу: Мемлекетіміздегі теріс діни ағымдардың зияны түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Әбу Бәкір ас-Сыддық" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов М.Әуезов атындағы орта мектебінің ұжымымен және оқушыларымен кездесті. Имам теріс ағымға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

"Діни ағым - ол Хақ дін Исламның шең берінен шыққан немесе Хақ дін Исламның ішінен жаңалық енгізгендер. Жастарға Құран тәпсірін, Пайғамбарымыз Мұхаммадтің (с.ғ.с.) өмірбаянын, Абу Ханифа мазхабын және Мұхаммад амин ибн Омар ибн Абдул Азиз ғұламаның еңбектерін үйретсек, біз жастарды теріс ағымнан сақтап қаламыз" - дейді имам.

Өкінішке орай, діни сауатының кемшілігінен кейбір жастардың қазір әртүрлі теріс ағымдардың шырмауына түсіп, күңгірт келешекке қадам басуы – қоғамдық мәселеге айналған ащы шындық. Білім мен тәрбиені ұштастырудың ұшан-теңіз маңызы жөнінде ғұлама бабамыз Әл-Фараби «тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп құнды ой айтып кеткен.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: