Шу ауданы Бірлікүстем ауылдық Домалақ ене атындағы орта мектепте діни кездесу өтті. Жиынға Шу өңірінің бас имамы, АТТ мүшесі Бахтияр Амиреев арнайы қатысты.
Бас имам мектеп оқушылары мен дінтану пәнінің мұғалімдеріне насихат жүргізді.
Айта кетейік, осы мектептің оқушысы дін жайлы әлеуметтік желіде өз пікірін білдірген болатын. Осыған орай, АТТ мүшесі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, діни дұрыс ақпаратпен имандылық жайлы сүбелі сөз айтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі