ҚМДБ тікелей қолдауымен Сарыағаш медресе колледжінде Республикалық Медресеаралық Құран кәрім жарысы болып өтті. Ауқымды шараға ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков арнайы қатысып ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің арнайы сәлемін халыққа жеткізді. Сайысқа Тараз шаһарынан "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің студенттері барып қатысты.
Сайыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қыздар арасында “3 пара” және “2 пара” және “Құранды мәнерлеп оқудан” жарыс болса, екінші бөлімде ерлер арасында үш номинация: “5 пара”, “3 пара”, “Құранды мәнерлеп оқу” бойынша бақтарын сынға салды. Қыздар арасында медресеміздің атынан қатысып мәнерлеп оқу номинацисы бойынша 2-орынды Қабылхан Дариға еншілесе, 2 пара бойынша 3-орынға Оғалиқова Ортиқой шәкіртіміз жайғасты. Ал ерлер арасындағы тартысты бәсекеде 5 пара бойынша бас жүлде Жұмағұл Ырысалды шәкіртімізге бұйырса, 3 пара номинациясының нәтижесінде 1-орынға Султанов Искандер табан тіреді. Мәнерлеп оқу сайысы бойынша 1-орынды Балтабай Ұлан, 2-орынды Абдукаримов Хусейн еншіледі.
Жеңімпаздарға ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің арнайы дипломы және қаржылай сыйлықтар табысталды. Қалған жарысқа қатысқан шәкірттерге де ынталандыру сыйлығы берілді.
Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, қолдау білдірген барша жанашырларымызға өз алғысымызды білдереміз!