Тараздық имамдар мен шәкірттер қан тапсырды

Тараздық имамдар мен шәкірттер қан тапсырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің және басқа да Тараз қаласына қарасты барлық мешіттердің имамдары, қызметкерлері мен "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің ұстаздары, шәкірттері Қан орталығында қан тапсырды. 

Ислам ғалымдары «донор болып, адам баласының өмірін аман алып қалу исламдағы игі амалдардан» – деп бірауыздан құптайды.

Облыс бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы «Донор болып, адам баласының өмірін аман алып қалу исламдағы игі амал» екендігін тілге тиек етті.

Жалпы алғанда қан орталығына күніне кем дегенде 100-ге жуық адам келіп қан тапсырады. Донорлар ең алдымен  бірнеше тексеруден өтіп, талапқа сай болса ғана қан өткізе алады. Айта кетейік, қан тапсыруды әдетке айналдырған адамның ағзасы әртүрлі ауруларға қарсы тұра алатындығы дәледенген. Сондықтан  дін өкілдері қала тұрғындарын өзгеге өмір сыйлап, сауапты іс жасауға шақырады.

Құран Кәрімде: «... Кім кісі өлтірмеген не жер бетінде бұзғыншылық жасамаған бір адамды өлтірсе, шын мәнінде, ол адамдардың барлығын өлтіргендей болады, ал кім оны тірілтсе, адамдардың барлығын тірілткендей болады...», – десе, хадисте: «Кімде-кім бауырына көмек етуге мұршасы болса, қол ұшын берсін», – деген.

Қан тапсыру – шариғат үкімі бойынша Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннет амалы болып саналады. Сонымен бірге, денсаулыққа тигізер пайдасы да зор. Қасиетті Құранда, кімде-кім бір адамға өмір сыйласа, ол адам барлық адамға өмір сыйлағанмен тең екені айтылған. Бұл ізгі амал адамдарға өмір сыйлауға үлкен себеп болмақ. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: