Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінде арнайы ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен мешіт ауласына замануи дәретхана соғылып жатыр.
Халқымыз тазалыққа аса мән берген. Бабаларымыз көшпенді өмір сүрсе де, өмір сүру әдеттерінде тазалық басты орында тұрған. Ұлтымыздың ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «Сабаз болсаң жердей бол, жер бәрін шыдап көтереді, таза болсаң судай бол, су бәрін жуып кетіреді»,- деп тазалықтың маңыздылығын жырына қосқан. Тазалық асыл дініміз Исламдағы басты шарттардың бірі ретінде қарастырылған. Сондықтан, сыртқы тазалығымыз бен айналаның тазалығына мән беру мұсылмандық борышымыз болып табылады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі