Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының ұйымдастырумен «жылулық сыйла» жобасы аясында қайырымдылық көмек үлестірілді.
Аталмыш көмек аудандық көпбалалы бес отбасына таратылды. Қайырымдылық көмекке жетпіс мың теңге көлемінде қаражат жұмсалған болатын. Азық-түлік ретінде үлестірілген көмекті алған отбасылар аудан имамына өз алғыстарын айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі