Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешітке келген аудан тұрғындары мен тұрақты мешіт жамағаттарына арнап «ас беру мәдениеті» құжаты аясында мағлұмат берді.
Қазақ халқында қайтыс болған адамды дәстүр бойынша арулап жуудан бастап, ақ матаға кебіндеу, жаназа намазын оқу, шығарып салу, жерлеу, қоштасу, асын беру, қазаның қайғысын бөлісу секілді діни және ұлттық жоралғылар бар. Осыған қарай құдайы ас беру жоралғысын өткізудің жылдар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері мен дәстүрлері бар.
Халық түсінігінде берілетін астың, оқылған Құранның, жасалған дұғатілектің қайтыс болған кісіге тигізетін пайдасы мен сауабы жайында терең сенім қалыптасқан. Ал марқұмдарға ас бермеу «ата-бабасын сыйламау, әруақтарды құрметтемеу» деп саналған. Сондықтан, құдайы ас берудегі жоралғыларды реттеу – өзекті мәселе.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі