Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали Қалпе» мешітінің имамы Ержан Сапарбеков мешітке келген ауыл тұрғындарына «Зират пен зиярат» құжаты аясында кеңінен мәлімет берді.
Қасиетті Құранда айтылғандай Алла Тағала адам баласын тіршілік иелерінің ең ардақтысы етіп жаратқан. Сондықтан тірі адам қандай құрметті болса, қайтқан кісілер де сондай қадірлі.
Сол себепті адам тәні көмілген зираттарды құрметтеу, таза ұстау, қорғау, бүлінген жерін түзету секілді бірқатар әдептерді ұстану тірілер үшін талап етіледі. Ұсынылған құжаттың негізгі мақсаты қабірлерді тұрғызудың және оларды зиярат етудің халыққа ортақ мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі