Наиб мүфти Әжелер алқасымен дидарласты

Наиб мүфти Әжелер алқасымен дидарласты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті жанынан ашылған "Әжелер алқасының" мүшелері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Ершат Ағыбайұлымен жүздесті. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы әжелермен таныстырып, атқарып жатқан нәтижелі жұмыстарын тілге тиек етті. 

Кездесуде наиб муфти биылғы "Ислам және ізгі қоғам" жылы туралы, оның мақсаты жайлы атап өтті. Осындай діндар әжелеріміздің жастарға уағызы, ене мен келін мәселесінде берер ақыл-кеңесі керектігіне тоқталды. Телефоннан бас көтермейтін көпшілікті бұрынғы әжелердің жолымен насихаттау қажеттілігін жеткізді. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: