Талас ауданы, Саду Шәкіров ауылы, "Байтоқты баба" мешітінің имамы Бақдәулет Оспанов ауыл жастарынан құралған еріктілермен жақсылықтың жарқын көрінісін тағы да көрсетті.
Ауыл арасында қайраты тайған қарияларға көмектесу бұл - Алла разы болғырларға әдетке айналғандай қылаң берді. Еріктілерді көмекке жұмылдырып, үлкендердің ақ батасын алуға асықтырған игі шара өз жемісін күннен күнге бере түскендей. Атаңа не қылсаң алдыңнан сол шығады деген қанатты сөзді ұғынған жас өрендер қоғамға қол ұшын беруге асығыс-ақ.
Сонымен қатар, осы сынды іс-шаралар Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ның "Адамның жақсысы өзгелерге пайдалы болғаны"- деп айтқанындай жастарды имандылыққа, меймандостыққа, жанашырлыққа тәрбиелеуде таптырмас тетік болады деген үміттеміз.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі