#Т.Рысқұлов: Мешіт ұстазына алғыс айтылды

#Т.Рысқұлов: Мешіт ұстазына алғыс айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің әйел-қыздар шәкірттері мешіттегі Ұстаздарын «алғыс айту» күні қарсаңында құттықтап, алғыстарын айтты.  Іс-шараға «Әл-хақ» мешітінің имамы Үмбет Сабырханов, азаншысы Серікбаев Ерман, Айгерім Шыналі ұстаз және мешіт шәкірттері қатысты. 

     Алғыс айтуға қатысты Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде: «Адамдарға алғыс айта алмаған адам, Аллаға шүкір ете алмайды»«Адамдарға алғыс (шүкір) айтпағанның, Аллаға алғысы (шүкірі) жоқ» десе, енді бір хадисінде: «Сендерге жақсылық жасағанға жақсылығына сай оған да жақсылық жасаңдар. Оның жасаған жақсылығына тең келетін нәрсе таба алмасаңдар, теңестіргенге дейін оған дұға етіңдер» – деп сахабалары мен үмметін сыйға сый жасауға шақырады.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: