Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Жетібай ауылының халқымен кездесті.
Кездесу ауылдық мәдениет үйінде өтті. Қанат Әділханұлы халықпен кездесуде: «Біз дініміз ислам кітабымыз құран екенің естен шығармауымыз керек. Жалпы ел тату болса, бірлігі артады. Адам баласы бір біріне бауыр екенің ұмытпауы керек. Барлық істе Алланың жеңілдігі бар», - деп халықты бір болуға, имамға жәрдемші болуға шақырды.
Ауыл тұрғындары бас имамға сұрақтарын қойып мардымды жауап алды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі