Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұйымдастыруымен «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында Қостөбе ауылдық округі әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында көшпелі семинар өтті.
Семинарға облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Есет Таласбайұлы, Байзақ ауданының бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы, округ әкімі Нұрғали Серікбайұлы, ауданға қарасты бес аймаққа жауапты имамдар және зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.
Жиында алғаш сөз алған округ әкімі:
«Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбы баршамызға ортақ міндет. Әрбір ата-ана балаларына үлкенді сыйлаудың, кішіге ізет көрсетудің көрінісін көрсете білуі керек. Бүгінгі өткізіліп жатқан іс-шараларыңыз үшін сіздерге бүгінгі «Алғыс айту» күнінде алғыс білдіріп, сәттілік тілеймін», - деді.
Екінші сөз кезегін алған «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Есет Серікбайұлы:
«Қарияларымыздың сөзі өтімсіз болуы, үлкендердің кішілерге ізет көрсетпеуі кішілердің үлкендерге құрмет көрсетпеуіне бірден бір себеп.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болғай) хадисінде: «Кішілерімізге мейрімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес», - дейді. Сондықтан бір бірімізге құрмет көрсете жүрейік», - деді.
Үшінші сөз кезегін алған аудан бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы: «Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар. Үлкендеріміз кішілерге әлім жетік қолдану арқылы өзіне бағындырғысы келеді. Үлкеннен қомқорлық көрмеген, кішілеріміз қалай ізет көрсетеді?», - деді. Бұл біздің қоғамызға жат қылық», - деп қазақтың мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірді.
Семинар соныңда зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп осындай шаралардың жастарға тәрбиесі мол екендігін жеткізді.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі