Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы «Тілеш қажы» мешітінің жамағатымен кездесіп бесін уағызын айтты.
Қанат Әділханұлы уағызында: «Олар Алладан өзге әйел пұттарға ғана жалбарынды. Негізінен олар қасарысқан шайтанға жалбарынды. (Ниса сүресі 116 аят) Яғни ол мүшіріктер Алланы тастап Лат, Узза және Мәнәт секілді ұрғашыға тән атау берілген пұттарға табынып дұға ететін. Әрине бұл нәрсе Аллаға серік қосудың бір жолы», - деді.
Мешіт жамағаты сонынан аудан имамына сұрақтарын қойып мардымды жауаптарын алды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі