Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлының тапсырмасына сай Талас ауылдық «Ан-Нағим» мешітінің молдасы Шукриеев Сейдалидің ұйымдастыруымен көшпелі уағыз дастарғаны жайылды.
Уағыз дастарханына аудан бас имамы Қанат Әділханұлы, зиялы қауым өкілдері, аймақ имамдарымен мешіт жамағаттары қатысты.
Уағыз дастарханының арнайы қонағы Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Есет Таласбайұлы қатысып әсерлі насихат айтты:
«Үлкенге құрмет көрсету дінімізде маңызды міндеттердің бірі. Қазақ халқы салт-дәстүрден жаңылмаған, шама-шарқынша шариғатын ұстанған дана халық. Біздің қазіргі қоғамымызда келеңсіз жағдайлардың көп болуы үлкендеріміздің жастарымызға дұрыс үлгі көрсете алмай, тәрбие бере алмай жатқаныны үшін. Міне бұл - қоғамның қауіпті дерті болып тұр», - деді.
Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы әсерлі насихатын айтты. Уағыз дастарханы соныңда «Үлкендерге құрмет, кішіге ізет» тақырыбы аясында зиялы қауым өкілдеріне шапан жабылып, мешіт шәкірттеріне хош иіс су мен кітаптар сыйға берілді.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі