Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы Қостөбе ауылдық округінің әкімі Нұрғали Серікбайұлымен кездесті.
Әкіммен кездесуге Жамбыл облыстық «Хибатулла Тарази» мешітінің найб имамы, ҚМДБ бағыттарының бірі –«Ізгі қоғам» бағытына жауапты Есет Таласбайұлы, «Ан-Нағим» мешітінің молдасы Шукриеев Сейдали қатысты.
Кездесу барысында ауыл әкімі дін жағынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өтті. Әрі аудан бас имамына қызметіне сәттілік тілеп бірлескен жобаларды атқаруға уағдаласты.
Қанат Жұмағұл Әділханұлы әкімге: «Барлығымыздың ортақ міндетіміз халықтың руханиятын көтеріп, халықтың діни сауатын көтеріп, рухани ілімдерді бойларына сіңіріп, жастарға тәрбие беру. Бүгінгі өткізілейін деп жатқан «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» атты көшпелі семинарға қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс білдіремін» - деді.
Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі