Тараз қаласының мешіттерінде жаппай сенбілік өтті. Қыс мезгілінен шашылып қалған қоқыс қалдықтары тазаланды.
Дана халқымыз: «Таза табиғат – халық байлығы» демекші, табиғатта тірі организм. Сондай-ақ тазалық – иманның жартысы екенін ұмытпай, өлкеміздің тазалығы кім-кімді болмасын бей-жай қалдырмауы керек. Қасиетті Құран «Бақара» сүресінің 222-аятында: «Сөзсіз Алла тәубе еткендер мен тазалағандарды жақсы көреді», – деп, тазалықты мадақтайды.
Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі