Талас ауданы, Саду Шәкіров ауылы, "Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулет ауыл жастары арасында еріктілер құрамын жасақтады. Жастармен және мектеп оқушылармен толыққан құрамның негізгі уәзипасы қоғамда жақсылықтың жаршысы ретінде өнеге-үлгі қалыптастыру.
Осы ретте еріктілер мешіт тазалығы, көпшілік жүретін көшенің қарын тазалап, қартайған ата-аналардың үйлеріне барып қолқанат көрсету сынды әрекеттерімен көпшілікті тәнті етті. Және жақсы жағы жастарды өзгелерге көмек қолын созуға үлкендердің батасын алуға деген ықыластың тәтті дәмін таттыра білді.
Шараның басы қасында жүріп, мұрындық болып білек сыбана кіріскен ауыл имамына деген халықтың көңілі алабөтен екенінде жасырып қалмауға беттедік. Осындай өнегелі істердің жаршысы болу, бастаушысы болу әрбір мұсылманға қызықтыру болса керек. Аталған шара тақылеттес істер болашақта да Алланың жәрдемімен жалғасын табатындығын хабарлаймыз.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі