Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» деп жариялады. Осы орайда Талас ауданы, Саду Шәкіров ауылы, "Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулеттің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларымен "Ислам ізгілікке бастайды" атты тақырыпта іс-шара өткізді.
Кездесудің мақсаты - оқушыларды имандылыққа тәрбиелей отырып, адамдық борышын, салт-дәстүрін, азаматтық құқығын меңгерген, ұлы мақсатқа жетуде табандылық танытатын бірегей тұлғалардың шығуына хал -қадерімізше ықпал ету болып табылады.
Осыған орай, Б.Оспанов жастарға қазақ зиялыларының дінмен байланысқан өнегелі өлеңдерін, айтқан даналық ойларын өскелең ұрпаққа жалпақ тілмен жеткізіп бақты. Алма-кезек қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берілді. Ұжымдасып жасалған іс-шарада 30-ға жуық адам қамтылды.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі