Талас ауданы, Қаратау қаласы, " Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы, Жалғасбай Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттеріне арнай дастархан жайылды.
Мешіт жанындағы сауат ашу курсында тәлім алып жатқан 40 жуық шәкірттер және ұстаздар аталған іс-шараға белсене атсалысып, келелі отырыстың сәнін келтірді. Игілікті іс-шараға мешіт ақсақалы Мубашшир атамыз мұрындық болды. Ауданның бас имамы Жалғас Дүйсенбайұлы бірінші болып сөз алып, әуелі Алланы ұлықтағаннан кейін жамағатты бірлікке, ынтымаққа шақыратын мәнді насихаттарын көпшілікке сіңдіре білді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - өскелең жас ұрпақты рухани бірегейлікке тәрбиелей отырып, аумалы-төкпелі мына қоғамда рухы биік, жігері жалын, толыққан кемел мұсылман тұлғасын қалыптастыру екенін тілге тиек ете кетті ауданның бас имамы. Ымараласып жасалған іс-шарада 44 адам қамтылды.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі