Талас ауданы, Қызыләуіт ауылы, "Ақтөбе" мешітінің имамы Берік Асылбек Сағатбекұлының ұйымдастыруымен жастар және ересектер арасында ұлттық ойындар: аударыспақ, теңге ілуден жарыс өтті.
Жарыста ынталандыру мақсатында ақшалай сый-сияпат тігіліп, мақтау қағаздары берілді. Мақсатымыз екі дүниенің сардары Пайғамбарымыз (с.ғ.с) "Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан хайырлы" деп айтқанындай, жәнеде "Балаларға атқа мінуді, садақ атуды, жүзуді үйретіндер" деген сөзіне байыппен қарау. Сонымен қатар, қәзіргі өскелең жеткіншектердің көпшілігі телефонға телміріп, интернетке үңілген мына заманда жастарды ұлттық спортқа баулу, ширатып, шынықтыру болып табылады.
Осы орайда шараға атсалысқан барша ағайынға алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта қоғам үшін пайдасы мол іс-шаралардың жалғасатындығын хабарлаймыз.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі