Қордай аудандық мешітінде "Әжелер алқасының" төрайымы Айнакуль Амангалиевна мен алқа мүшелерінің атсалысуымен "Қонақ келді - құт келді" тақырыбында рухани кеш өтті.
Жиынға Ардагерлер кеңесінің әйелдер төрағасы Маржан Қалибековна, Қордай ауылдық мәдениет үй қызметкері Ұлдан Мелдебайқызы, Степной ауылдық мәдениет үй меңгерушісі Роза Аймурадова қонақ болды.
Кеш қонақ күту әдебі, тамақтану әдебі сынды қойылымдармен ашықталды. Көненің көзі болған ақ жаулықтылар шариғатымызға негізделген дәстүріміздің игі насихатын жеткізді.
Қонақтарға сыйлықтар үйлестіріп, қызғалдақ гүлдері тарту етілді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі