Шу аудандық "Жәми" мешітінің жамағаты РАНТ мүшесі, "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлымен жүздесті. Халыққа танымал, білікті уағызшы "Уағыттың қадірі" тақырыбындағы насихатымен көптің көкейіне ой салды.
"Әрбір шыққан деміміз арқылы өміріміз қысқара түсуде. Бос өткізіп алған уақытымызды, қайтара алмаймыз. Уақыт – Алла Тағаланың бізге берген шексіз нығметі, оны өз игілігімізге жаратамыз не болмаса зая кетіріп, өзімізге масыл етеміз, сол үшін де Алла алдында жауапқа тартыламыз. Алланың жаратқан пендесінің ең құнды байлығы — оның осы дүниедегі өлшеулі ғұмыры. Алланың кімге қанша уақыт ғұмыр бергенін ешкім де білмейді, дей тұрғанмен, осы өмірдің өзі Алла Тағаланың бізге берген ең қымбат сыйы әрі ең үлкен сынағы болып табылады. «Ей, Адамның ұрпағы, сен – бұл сенің күндерің. Күнің өткенде, онымен бірге сенің өмірің де кетеді»" - деп атап өтті имам өз уағызында.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі