Жамбыл ауданы Қаракемер ауылы «Қаракемер» мешітіне аудандық мешіттің найб имамы Жансакалов Даулеткелді жұма намазын өткізген болатын. Мұсылман адамның ең үлкен мақсат-мұраты – Жаратушы Алла Тағаланың разылығына кенелу.
Ол бұл дүниедегі әрбір ісін, айтатын сөзін, жасайтын құлшылығын Алланың разылығы үшін арнайды. Өйткені Алланың разылығы – пендеге берілетін ең үлкен нығмет. Адам баласының өмірінде екі жол бар. Бірі: Жаратушысының разылығына кенелтсе, екіншісі: керісінше Алла Тағаланың разылығынан мақрұм етеді. Сол себепті де екі дүние бақытына кенелуді қалаған жан әркез Жаратушының разылығына жетелейтін істерді атқаруға үлкен мән беруі тиіс.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

