Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бастамасымен жастар арасында апталық футбол ойыны ұйымдастырылып отыр. Аталмыш апталықта мешіт жамағаты белгілі бір уақыт аралығында күніге футбол ойнауы тиіс.
Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың — жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық», — деп бекер айтпаған. Бірақ, осы нақыл сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін сезінбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі