Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауыл имамдарымен семинар өткізді. Аталмыш кездесубе аудан имамы ихсан бағытына күш салу керектігін айтып, мешттердің тыныс тіршілігімен танысты.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміз бойынша насихатталып жатқан ихсан ілімін жамағат жақсы қабылдап, ізгі ниеттерін жеткізуде.
Шын мәнінде, Ихсан ілімі мұсылман баласын ізгілікке үндеп, адамгершілікке тәрбиелейді, құлшылық пен игі амалда ықыласты болуға шақырады. Өйткені Ихсан – жанға азық, тәнге шипа беретін ілім.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі