#Жамбыл: Тұлғалық даму туралы кітап талқыланды

#Жамбыл: Тұлғалық даму туралы кітап талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арнап, мешітіміздің ұстазы Жайна Бекназарованың ұйымдастыруымен жастармен отырыс өтті. Аталмыш отырыста мешіт ұстазы тұлғалық даму турасында жас шәкірттерге бір кітап оқып, оны талқылады.

Кездесуде Мұхитдин Исаұлы атты қаламгердің «Тұлға болам десеңіз» атты кітабы таңдалған. Автор Абайдың «кемел адам» идеясы  мен батыс ғалымдарының тұлға төңірегіндегі зерттеулерін саралай келіп, ұлттық танымдағы тұлғалыққа жетудің негізгі қағидаларын ұсынады.

Кітаптың әуелгі бөлімдерінде адамның өзіне деген сенімі мен сол сенімді қалыптастырудағы ақылдың рөлі жайлы айтылып, одан кейінгі бөлімдерде шешен сөйлеу, ел алдында өзін ұстай білу, халықпен етене араласу және өмірлік жар таңдау, шаңырақ құрған шақта тап болатын кедергілерді шешу жолдары секілді маңызды мәселелер қамтылған. Келелі кездесу соңында сауалдарға жауап берген мешіт ұстазы келген жамағатқа өз алғысын білдірді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: