Облыс бас имамы дін мамандарына дәріс оқыды

Облыс бас имамы дін мамандарына дәріс оқыды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Шариғат және пәтуә бағытының мамандарына арналған семинар өтті. 

Аталған жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев лекция оқыды. Пәтуәны кімдер береді, пәтуә деген не, сұрақ-жауап пен пәтуәның айырмашылығы қандай сынды сауалдарға тоқталып өтті. 

"Біреу білмегенді - біреу білер",- дейді халық. Ал, діни мәселені шешуге ілімі жетпейтін жандарға Алла тағала: «Егер білмесеңдер, онда білетіндерден сұраңдар» («Нәһл» сүресі, 43-аят),- деп әмір етеді. Басқа бір аяттарда: «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?» («Зумар» сүресі, 9-аят), «Адамдарға баян еткен бұл мысалдарды ғалымдар ғана түсіне алады» («Әнкабут» сүресі, 43-аят),- делінген.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: