Бірлікке ұйыған жүздеген ұлттардың ынтымақты мекеніне айналған елдің тыныштығын бұзғысы келетін топтар дінді желеу етіп, дүйім жұртты дүрліктіріп жүргені көпке белгілі. Алды-артын ойламаған кейбір азаматтардың исламның атын жамылған дінбұзар ағымдардың арбауына еріп, ислам құндылықтарын аяқасты етіп, халықты әбігерге салғаны, расында, өкінішті жайт.
Осыған орай, жат ағымның алдын алу мақсатында жұмыс жүргізетін АТТ мүшелеріне арналған 1 күндік семинар жасалды. Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде "Деструктивті бағыт - дін емес" тақырыбында өткен шарада Әлімұхаммед Егізбаевтың жетекшілігімен жат ағым топтарымен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері тілге тиек болып, жылдық жоспар таныстырылды. Ай сайынғы есеп беру үлгісі де түсіндіріліп өтті.
Сонымен қатар "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің ұстазы Нұрсұлтан Зұлпыкаров елімізде белең алған ағымдар турлы нақты ақпарат беріп өтті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі