Имам Ағзамның ақылы мен ғылымы

Имам Ағзамның ақылы мен ғылымы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір атеист (Құдайға сенбейтін адам) христиан елінен Ислам өлкесіне келеді. Барған жерінде пікір-сайыстарда алдына шыққандардың барлығын жеңіп жүреді. Басра қаласына келіп, маған жауап бере алатын бірде-бір ғалым таба алмадым дейді. Хазіреті Хаммад: «Сен алдымен біздің балалармен таласып көр» деп алдына ол кезде әлі жас болған Нұғман бин Сабитті (Имам Ағзам) шақырады.

Атеис ашуланып мінберге шығады да: «Ғалымдарың қайда? Маған соларды шақырыңдар!» дейді. Жас Нұғман бин Сабит: «Не болды? Меннен қорықтыңыз ба?» дегенде, шыдай алмай бірінші сұрағын қояды:

–       Бар нәрсенің басы мен соңы болмауы мүмкін бе?

–       Әрине, мүмкін.

–       Қалай?

–       Санауды білесіз ғой, бірдің  алдында ештеңе болмағанда, шынайы Бірдің алдында қалайша бір нәрсе болады?

Атеист бұл жауап алдында сасып қалады, кейін былай деп сұрайды:

–       Кез келген нәрсенің бір бағыты болады. Сен айтқан шынайы Бірдің жүзі қай жаққа қарап тұр?

–       Шамды жаққанда жарығы қай жаққа түседі?

–       Белгілі бір жақ деуге болмайды.

–       Жалғандағы жарықтың бағытын таппағанда, мәңгілік нұрдың бағытын қалай таппақсың?

Атеист тағы да бір сұрақ сұрайды:

–       Бар болған нәрсенің бір орны болу керек қой.

–       Иә, жаратылғандар солай.

–       Онда шынайы бар деген Құдайдың орны қайда? Неге оны көрмейміз?

–       Жаратқанмен жаратылғанды салыстырып болмайды. Бірақ, мына сүтте май көріп тұрсың ба?

–       Жоқ.

–       Бар екенін білесің де көрмей тұрмын деп жоққа шығара аласың ба? Сенің ақылың бар ма?

–       Әрине, бар.

–       Бар болса көретін едік дейсің, ақылың бар болса, көрсет қане!

–       Жарайды, бар болған сол Құдай не істеп жатыр?

–       Сен маған бүкіл сұрақтарыңды мінберде тұрып сұрадың, енді сен ол жерден түсіп, менің орныма кел. Мен мінберге шығайын, саған сол жақтан жауап беремін.

Атеист мінберден түсіп жатқанда жас Нұғман мінберге шығады: «Алла Тағала сен сияқты бір имансызды мінберден түсіріп, мен сияқты имандыны мінберге шығарды, Оның қазіргі ісі осы».

Кейін «Рахман» сүресінің «Олай болса, Раббыңның қай нығметтерін жоққа шығара аласың?» деген 28 аятын оқыды. Бұл жағдайдан соң атеист сөз таппай жеңіліп, масқара болып, ол жерден алыстап кетті.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: