Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешітінің жаңадан тағайындалған имамы Алпысбаев Есбол ауыл ақсақалдарынан бата алды.
Ауыл имамы өзін таныстырып, ауыл тұрғындарының батасын алып, ауыл ақсақалдары имамға жеңілдік, абырой тілеп, әрдайым қолдау көрсететіндіктерін атап өтті.
Жиын барысында ҚМДБ-ның бекіткен Жаназа рәсімдері мен асабалардың тойдағы әдепсіздіктері жөнінде сөз қозғалды. Жаназадағы ысырапшылдық пен елмен жарысып, елден қалмайын деген бәсекелестіктің шариғатқа қайшы екендігі айтылды.
Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары ақылдасып бір мәмілеге келіп, бұл айтылғандардың дұрыс екендігіне келісті.
Алла Тағала ауылымызды ауызбіршілігі мен ынтымағынан айырмасын!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі