Жамбыл облысында 1280 отбасыға қайырымдылық жасалды

Жамбыл облысында 1280 отбасыға қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес. Осындай сәтте жәрдемші болып жүрген мешіттер кезекті қайырымдылық шарасын өткізді.

Жамбыл облысы бойынша "Шағбаннан шарапат" атты қайырымдылық науқаны өткізіліп, нәтижесінде 1280 отбасыға көмек көрсетілді. Облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті бастап 200 адамға, қалалық "Әулие ата" мешіті 600 жанұяға, "Шейх Зуннун" мешіті 100 адамға, "Әбу Бәкір ас Сыддық" мешіті 100 отбасы, "Рахман-Рахим" мешіт 100 отбасыға, Талас ауданында 500 адамға сонымен қатар Меркі ауданында 100 жанұяға азық-түлік таратылды. 

Әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты, көпбалалы отбасыларды қамтыған шараның басында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев халыққа сабырлық, шүкіршілік турасында насихат айтып, іс-шараға демеушілік еткен жомарт жандарға алғысын білдірді. 

Тұрғындарға көлемді мөлшерде шиіт май, ұн, макарон, күріш, қарақұмық, рошки, кеспе, томат, қант, тұз, тәттілер сынды азықтар табысталды. 8 күнге созылған науқанның әр күнгі қорытындысы asyldin.kz сайтында жарияланып, Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев көпшілекке бейне жолдау жасап отырды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: