Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен Меркі ауданы имамдары аудандық емханада ем алып жатқан Тәтті ауылының имамы Асхат Көпбосыновты зиярат етті.
Осыдан 3-4 ай бұрын Асхат Көпбосынов жүргіне ота жасатқан болатын. Отасы сәтті өтіп қазіргі жағдайы жасқы. Бірақ дәрігерлердің кеңесімен ем алуды жалғастыруы керек екен.
Зиярат етіп келген бауырларын көрген Асхат ағамыз көзіне жас алып, көңілі босап, алғысын білдірді.
Алла Тағала Асхат ағамызға шипа беріп, ғұмыр жасын ұзақ қылсын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі