Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде ауданға қасрасты имам-молдаларының «ҚМДБ пәтуаларын насихаттау» аясында семинары өтті.
Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы ҚМДБ пәтуалар жинағы кітабын насихаттап, наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлының «Пәтуа әдебі» кітабын түсіндіріп, оңды-солды пәтуа бере беруге болмайтынын жеткізді. Білмейтін сұрақтарымызды арнайы мүфтиятқа жіберіп, сосын жауабын жеткізуді бұйырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі