Меркі аудан ішкі саясат бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Сыпатай ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында жат ағымның ұлттық құндылықтарға кері әсері мен зардаптары айтылды. Сонымен қатар ауыл мешітінің жағдайы сөз болды.
Жиын соңында елімізге, жерімізге дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі