Имам Жафар Садық хазіреттері жолда кетіп бара жатып бір яһуди ғибадатханасын көрді. «Бәлкім мұсылман болар» деген оймен насихат айту үшін ғибадатхананың есігінің алдына келді. Есік жабық еді. Дауыстап екі яһуди жауап беріп, біраз күттіріп барып ашты. Имам Жафар Садық хазірет ішке кірген соң яһудиден былай деп сұрады:
– Жауап бергенде неге есікті дереу ашпадың?
– Сенің даусыңды естігенімде көңлімде бір қорқыныш пайда болды. Тұрып алдымен дәрет алдым. Өйткені, Таураттан: «Бір адамнан немесе бір нәрседен қорықан адам дәрет алсын, оған ешнәрсе зиянын тигізбейді. Оған ешкім жамандық жасай алмайды, – деп оқыған едім. Сондықтан есікті кешіктіріп аштым.
Жафар Садық яһудиден бұл сөздерді естігенде таң қалды. Оған исламды түсіндірді. Яһудидің көңіл көзі ашылып, мұсылман болу қалауы көбейіп сол мезетте шаһадат кәлимасын айтып, мұсылман болды.