Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдық мектебінде «Бесағаш» мешітінің имамы Айтжан Керимов мектеп оқушыларымен кездесті. Келелі кездесуде ауыл имамына оқушылар діни сауалдар жолдап, мардымды жауаптар алды. Ауыл имамы шәкірттерге білім алудың маңыздылығын түсіндіріп, ұстаздарды тыңдаудың көп пайда беретінін айтты.
Сонымен бірге, әлеуметтік желіні мейлінше аз мөлшерде тұтыну қажеттілігін ескертті. Мектеп басшылығы мен оқушылар дін қызметкерінің арнайы уақыт бөліп келгені үшін өз алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі