Меркі ауданы имамдары қасиетті жұманың түнінде келген жамағатқа Миғраж түні жайлы уағыз-насихат жүргізді.
Намазға жиналған қауымға Исра және Миғраж оқиғасын түсіндіріп, онда парыз етілген 5 уақыт намаздың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар үлкен күнәлардан сақтанған адам Алла Тағаланың мейіріміне бөленіп, кешірілетінін айтып жеткізді.
Уағыз соңында жамағатпен намаз оқылып, дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі