Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйытқы болуымен имамдар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында облыс имамдары арасында футболдан турнир ұйымдастырылды.
Негізгі мақсат – имамдарымыздың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, денсаулыққа мән беру, әріптестік қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Ұйымдастырылған шараға «Тараз», «Т.Рысқұлов», «Шу», «Қордай» және «Меркі» футбол командалары сайысқа түсті.
Аталмыш ойын нәтижесінде «Меркі» командасы бірінші орынға ие болды. Екінші орын «Тараз», ал үшінші орынды «Шу» командасы иеленді.
1-ші орын 50 000 тг
2-ші орын 40 000 тг
3-ші орын 30 000 тг
4-ші орын 20 000 тг
5-ші орын 10 000 тг
Үздік ойыншы номинациясын «Т.Рысқұлов» командасы капитаны Түзелбеков Қуаныш иеленді. Келесі футбол турнирін ұйымдастыру кезегін Т.Рысқұлов ауданы алды.
Жарыстан соң арнайы қонақтарға жайылған дастарханнан дәм татып, облыстан арнайы келген Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев сөз сөйлеп, демеушілік жасаған бауырларымызға алғысын білдіріп, дұға жасады.
Сонымен қатар, алдағы ойындарға имамдар мен бірге мешіт жамағаты, оның ішінде жат ағымда жүрген бауырларымызды тартып, оларға асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау жұмыстарын жүргізу көзделуде.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі