Қасиетті жұма күні Миғраж түніне сәйкес келді. Миғраж пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең үлкен мұғжизаларының бірі.
Меркі ауданы имамдары осы күндерді Алла Тағаланың разылығын көздеп, әрі сауабын үміт ете отырып қайырымдылық жасады.
Аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастуруымен мешіт жамағаты баласына ота жасату үшін көмек сұрап келген жанның қолын бос қайтармай, қаржылай көмек берді.
Ақермен ауылы «Ғаббас» мешітінің имамы Алимбеков Дархан ауылдағы мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып, елдің ықыласына бөленді.
Көмек алған отбасылар разылықтарын айтып, алғыстарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі